Farabi University

91ý

«ҚАЗАҚ УНИВЕРСИТЕТІ» БАСПА ҮЙІ

«Қазақ университеті» баспа үйі оқу жне ғылыми дебиеттерді шығаратын, сондай-ақ баспа қызметтерінің толық кешенін ұсынатын заманауи баспа-полиграфиялық кешен. Университеттің қажеттіліктері үшін баспадан жыл сайын оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, әдістемелік әзірлемелер, сондай-ақ түрлі журналдар шығарылады.

 «Қазақ университеті» баспа үйінің тарихы ХХ ғасырдың 30-жылдарының соңынан бастау алады. Көп жылғы қызметі барысында баспа Қазақстандағы жоғары оқу орындарына қарасты ірі баспалардың біріне айналып, білімнің барлық салалары бойынша оқу жне ғылыми әдебиеттер шығаруға маманданған.

Баспа қызметінің басты басымдығы – кітап өнімдерінің жоғары сапасы. Кәсіби редакциялық өңдеу мен өндірістің барлық кезеңдеріндегі қатаң бақылау жұмыстың тұрақтылығын, жеделдігін жне мінсіз нәтижені қамтамасыз етеді.

Баспа үйінің заманауи құрылымы жобалық-бағдарланған басқару қағидаттарына негізделген. Бұл тәсіл жұмыстың икемділігін, тиімділігін жне жедел орындалуын қамтамасыз етеді.

Жауапкершілікті орталықсыздандыру жне бөлімшелер арасында бәсекелі ортаны қалыптастыру бүкіл технологиялық үдерістің өнімділігі мен үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді. Бұл тәсіл «Қазақ университеті» баспасына авторлардың, оқырмандардың жне серіктестердің жоғары үміттерін сенімді түрде ақтауға мүмкіндік береді.