Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
Мемлекеттік қызмет жоғары білім туралы диплом жоғалған немесе бүлінген жағдайда оның телнұсқасын беруді көздейді. Телнұсқа құжаттың түпнұсқасымен тең заңды күшке ие. Телнұсқаны алу үшін себебін (жоғалту, бүліну) көрсете отырып, растаушы құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру қажет.