ТДМ 4 – «Сапалы білім» аясындағы 72 сағаттық сыртқы оқу бағдарламалары
Ақпараттық жүйелер кафедрасы Тұрақты даму мақсаты 4 – «Сапалы білім» шеңберінде кампусқа қатысты емес кең аудитория үшін әзірленген және жүзеге асырылған, ТДМ компоненттері бар 72 сағаттық тегін сыртқы оқу бағдарламаларын табысты ұйымдастырды. Аталған оқу іс-шаралары білім алушылардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, заманауи цифрлық технологияларды меңгеруге, практикалық дағдыларын дамытуға және ақпараттық технологиялар саласына қызығушылығын қалыптастыруға бағытталды.
Сыртқы оқу бағдарламалары университет студенттерімен ғана шектелмей, мектеп оқушыларына, жас мамандарға, IT саласына қызығушылық танытатын қатысушыларға және кең аудиторияға арналды. Іс-шаралар барысында қатысушыларға сапалы білім алудың маңызы, цифрлық сауаттылықты арттыру, ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалану, ақпараттық қауіпсіздік, жасанды интеллект және терең оқыту технологияларының қолданылу бағыттары түсіндірілді. Бұл жұмыстар ТДМ 4 – «Сапалы білім» мақсатының негізгі қағидаларымен тығыз байланысты болып, білімге қолжетімділікті кеңейтуге және үздіксіз білім алу мәдениетін дамытуға ықпал етті.
2025 жылғы 18–26 желтоқсан аралығында Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы Ш. Максутова «IT-инфрақұрылымды басқару және қауіпсіздік» тақырыбы бойынша 72 сағаттық оқу іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар заманауи IT-инфрақұрылым архитектурасы, серверлік және желілік жүйелерді басқару, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері бойынша теориялық және практикалық білім алды. Сонымен қатар желілік қауіпсіздік, қолжетімділікті басқару, деректерді қорғау, ақпараттық ресурстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және киберқауіптердің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Күні мен форматы: 18.12.2025–26.12.2025 жж., офлайн
Серіктестер: Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті



Басқа жаңалықтар