ТДМ-4 шеңберінде «Шағатай тілі және жазба ескерткіштер» тақырыбындағы кезекті ашық дәріс — ҚазҰУ

91ý

ТДМ-4 шеңберінде «Шағатай тілі және жазба ескерткіштер» тақырыбындағы кезекті ашық дәріс

5 ақпан 2026
ТДМ-4 шеңберінде «Шағатай тілі және жазба ескерткіштер» тақырыбындағы кезекті ашық дәріс

2026 жылғы 5 ақпанда ҚР Орталық Ұлттық кітапханасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жазба ескерткіш және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Шығыс қолжазбалар мұрасы» халықаралық деректану орталығы және Қолжазбатанушылар қауымдастығының бірлесуімен «Шағатай тілі және жазба ескерткіштер» тақырыбындағы кезекті ашық лекция өтті.

Ашық дәріс «Шағатай тілінде мәтін талдау-1» тақырыбында ұйымдастырылып, оны «Жазба ескерткіш және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Шадкам Зубайда жүргізді. Лекция барысында профессор З.Шадкам Сұлтан Үпіге қатысты шағатай тілінде жазылған қолжазба мәтініне жан-жақты ғылыми талдау жасады. Қолжазбаның тілдік ерекшеліктері, мәтін құрылымы, тарихи-мәдени маңызы және рухани мұра ретіндегі құндылығы кеңінен қарастырылды.

Аталған дәріс көне жазба жәдігерлерді зерттеуге, шағатай тіліндегі мұраларды ғылыми айналымға енгізуге бағытталған. Іс-шараға зерттеушілер, жас ғалымдар, магистранттар және тіл тарихына қызығушылық танытқан тыңдаушылар қатысты.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (SDG4 – Quality Education) аясында өткізіліп, білім беру сапасын арттыруға бағытталды. Сонымен қатар, ашық дәріс BR28712621 «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» ғылыми жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

 Айта кетейік, ашық дәрістер ҚР Орталық Ұлттық кітапханасында әр бейсенбі күні тұрақты түрде өткізіледі.

 

Н.Н. Кайранбаева