№14 студенттер үйінде университет пен жатақхананың ішкі тәртібі бойынша түсіндіру жиыны өтті — ҚазҰУ

91ý

№14 студенттер үйінде университет пен жатақхананың ішкі тәртібі бойынша түсіндіру жиыны өтті

9 ақпан 2026
№14 студенттер үйінде университет пен жатақхананың ішкі тәртібі бойынша түсіндіру жиыны өтті

2026 жылдың 9 ақпан күні №14 студенттер үйінде «Университет пен жатақхананың ішкі тәртібімен таныстыру» тақырыбында жиналыс өтті. Бұл жиын «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жоспарланған. Жиналыстың басты мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, жатақханада тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу. Жиналысқа Шығыстану факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шәріпқазы Нүртәліп қатысты. Семинар барысында жатақханада тұратын студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамалары, студенттердің құқықтары мен міндеттері, тәрбие мен тазалық талаптары, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылыққа жол бермеу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар тұрмыстық мәдениет, өзара сыйластық, қауіпсіздік ережелері және жеке жауапкершілік тақырыптары қозғалды. Іс-шара барысында факультеттің жаңадан сайланған студент деканы Зияш Аделина Дастанкызы және басқа ұйым басшылары таныстырылып, жаңа басшылық құрамның міндеттері мен алға қойған мақсаттары нақтыланды. Жиналыс соңында ұйым басшыларына жатақхана бөлмелерін аралап, студенттердің тұрмыс жағдайымен терең танысу, бөлмелердің санитарлық жағдайын, тәртіп деңгейін және тұрмыстық қажеттіліктерін тексеру тапсырылды. Анықталған кемшіліктерді арнайы тізімге енгізу қажеттігі айтылды. Алдағы уақытта бұл мәселелерді шешу мақсатында Студенттік қалашық басшылығымен бірлескен жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.