СВК «Шапағат» мүшелері республикалық ерікті жастар форумына қатысты — ҚазҰУ

91ý

СВК «Шапағат» мүшелері республикалық ерікті жастар форумына қатысты

27 ақпан 2026
СВК «Шапағат» мүшелері республикалық ерікті жастар форумына қатысты

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтында «Волонтерлікті дамытудың конституциялық негіздері. Оның құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі» атты республикалық ерікті жастар форумы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия және «Жақсылық акселераторы – Izgilik Elshisi» ұлттық волонтерлік қозғалысы ұйымдастырды.

Форум жұмысына еліміздің жоғары оқу орындарынан келген 200-ден астам студент-еріктілер, мемлекеттік органдар өкілдері, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Аталған іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің Студенттік волонтерлік клубы «Шапағат» мүшелері де қатысып, волонтерлік қызметтің құқықтық негіздері мен жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасуға белсенді атсалысты.

Форум барысында жаңа Конституцияда еріктілік қызметті қолдау нормаларының конституциялық деңгейде бекітілуінің маңызы, азаматтық белсенділікті дамыту тетіктері және жастар бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы волонтерлік жобалар таныстырылды.

Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби және азаматтық құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ волонтерлік қызмет саласындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.