Облыстық музейлер форумыFarabi University

91ý

Облыстық музейлер форумы

19 ақпан 2026
Облыстық музейлер форумы

 

Дүниежүзілік экскурсовод күніне орай, 19 ақпанда Алматы облысы мұражайлар бірлестігінің бастамасымен «Анаға құрмет» мұражайында «Экскурсовод – өткен мен бүгінді жалғастырушы тұлға» тақырыбында облыстық мұражай форумы өтті.

ТДМ № 4 «Сапалы білім» мақсаты аясында — өмір бойы инклюзивті, әділ және сапалы білімге жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету — форумда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының PhD, доцент-зерттеушісі Самат Сапатаев ашық дәріс оқыды. Іс-шара университет кампусынан тыс кең аудиторияға — экскурсоводтарға, мұражай саласының қызметкерлері мен қоғам өкілдеріне арналды.

Дәріс барысында баяндамашы археологиялық артефактілерді экспозициялаудағы түрік тәжірибесін халықаралық үздік мұражайлық педагогика үлгісі ретінде таныстырды. Сонымен қатар, саланың мамандарына үздіксіз кәсіби білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін ҚазҰУ тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының магистратура мамандықтары туралы кәсіптік бағдарлау ақпараты ұсынылды.

Бұл іс-шара кең қауымдастыққа арналған тегін ашық курс форматында іске асырылды және ТДМ 4-тің, атап айтқанда 4.7-міндетінің — барлық оқушылардың тұрақты дамуға ықпал ету үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруін қамтамасыз ету — орындалуына үлес қосады.