Жасанды интеллект негізіндегі экологиялық жобалар конкурсы
2026 жылғы 18 наурызда Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде «Жасанды интеллект және Big Data» және «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедраларының ұйымдастыруымен жасанды интеллект негізіндегі экологиялық жобалар конкурсы өтті.
Аталған іс-шара студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, сондай-ақ экология мен цифрлық технологиялар тоғысындағы пәнаралық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталды. Қазіргі жаһандық экологиялық сын-қатерлер жағдайында деректерді талдау мен жасанды интеллект технологияларын пайдалану ерекше маңызға ие болып отыр, бұл конкурс идеясының өзегіне айналды.
Конкурс аясында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық жобаларын ұсынды. Ұсынылған жобалар қатарында қоршаған ортаның жағдайын интеллектуалды мониторингтеу жүйелері, экологиялық тәуекелдерді болжау, климаттық деректерді талдау, ресурстарды оңтайландыру және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға арналған цифрлық шешімдер болды.
Байқау барысында жобалардың практикалық маңыздылығына, инновация деңгейіне және нақты жағдайда қолдану мүмкіндігіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар машиналық оқыту, үлкен деректерді талдау және компьютерлік көру әдістерін тиімді қолдана отырып, жоғары дайындық деңгейін және креативті ойлау қабілетін көрсетті.

Кафедрамыздан келесі білім алушылар қатысып, өз жобаларын ұсынды:
- Байдулла Аяулым 8D07116 - Интеллектуалды басқару жүйелері 2 курс;
- Ғалымқызы Назерке 6B06107 - Деректер туралы ғылым 4 курс;
- Қулыбек Жансая Абдулахатқызы 6B06107 - Деректер туралы ғылым 4 курс;
- Жетесов Арман Нұрланұлы 6B07113 - Интеллектуалды басқару жүйесі 2 курс.
Аталған конкурс Тұрақты даму мақсаттарына (ЦУР) қол жеткізуге үлес қосады, атап айтқанда:
-
ЦУР 4 – Сапалы білім, студенттердің зерттеу және жобалық дағдыларын дамыту арқылы;
-
ЦУР 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым, жасанды интеллектке негізделген технологиялық шешімдерді қолдау арқылы;
-
ЦУР 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер, экологиялық қауіпсіз ортаға арналған шешімдер әзірлеу арқылы;
-
ЦУР 12 – Жауапты тұтыну және өндіріс, ресурстарды ұтымды пайдалану жобалары арқылы;
-
ЦУР 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы күрес, экологиялық және климаттық процестерді талдау және болжау арқылы;
-
ЦУР 17 – Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестік, кафедралар арасындағы ынтымақтастықты дамыту арқылы.
Конкурстың негізгі мақсаты – экологиялық мәселелерді шешуде жасанды интеллект технологияларын қолдануға бағытталған озық идеяларды анықтау және қолдау, сондай-ақ білім алушылардың ғылыми, аналитикалық және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Іс-шара қорытындысы бойынша инновациялық және практикалық маңызы жоғары үздік жобалар анықталды. Конкурс тәжірибе алмасу, идеяларды ұсыну және жасанды интеллект пен тұрақты даму саласындағы кәсіби дағдыларды қалыптастыру алаңына айналды.
Кафедра «Жасанды интеллект және Big Data»
Басқа жаңалықтар