Университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту аясындағы қонақ дәрісі
Университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту және нығайту аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Туризм және қонақжайлылық» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Муталиева Л.М. қонақ дәрісін өткізді.

Дәріс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасының «6В11101 – Туризм» білім беру бағдарламасының бакалавриат студенттеріне онлайн форматта ұйымдастырылды. Айта кету керек, қонақ дәрістерін өткізу кафедраның тұрақты тәжірибесіне айналған және білім беру үдерісін сыртқы академиялық және кәсіби ортамен ықпалдастырудың тиімді құралы болып табылады.
Студенттер ұсынылған тақырыпқа жоғары қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Бұл мазмұнды академиялық диалогтың қалыптасуына ықпал етті.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту мәселелері, соның ішінде дестинациялардың тұрақты дамуына заманауи тәсілдер, туристік әлеуетті қалыптастырудағы экологиялық факторлардың рөлі, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын туризмді басқару тәжірибесіне енгізу перспективалары қарастырылды.

Мұндай іс-шаралар университеттер арасындағы әріптестікті кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және туризм саласындағы болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар