- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚИЫР ШЫҒЫС КАФЕДРАСЫНДА ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЖАПОН СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН - АСЫҚ БӘЙГЕСІНЕН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
ҚИЫР ШЫҒЫС КАФЕДРАСЫНДА ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЖАПОН СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН - АСЫҚ БӘЙГЕСІНЕН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін, 2026 жылдың 20-сыншы наурызында Ұлттық спорт күні мен «Наурызнама» онкүндігі аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті жапонтану бөлімінде ерекше мәдени іс-шара өтті. Іс-шара жыл сайын ұйымдастырылатын қысқы мектеп аясында Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Тазабекова Гүлмира Бимухановнаның жетекшілігімен өткізілді.
Атап айтқанда, Жапонияның жетекші жоғары оқу орындарынан білім алуға келген шетелдік студенттер мен жергілікті білімгерлер арасында ұлттық ойын – асық бәйгесінен жарыс ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қазақ және жапон студенттері бірлесе отырып, асық бәйгесін ойнап, өзара бақ сынасты. Бұл сайыс тек ойын ғана емес, сонымен қатар қос ел жастары арасындағы достықты нығайтып, мәдени алмасуды дамытуға бағытталды.
Асық ойыны кезінде студенттер өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетіп, белсенділік танытты. Қатысушылар ойын ережелерін меңгеріп қана қоймай, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өте қызықты әрі тартымды өтті. Студенттер жарысқа көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.
Қиыр Шығыс кафедрасының
аға оқытушысы Тазабекова Г.Б.
Басқа жаңалықтар