«Наурыз: астрономия мен математиканың тоғысуы» атты тәрбие сағаты өтті
20 наурыз 2026
2026 жылғы 19 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде педагогикалық практика аясында және Наурызнама онкүндігіне орай «Наурыз: астрономия мен математиканың тоғысуы» тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара 15:00–15:50 аралығында МЕХ 325 аудиториясында өтіп, 6B05402 — «Математика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері (24-1 тобы) қатысты.
Тәрбие сағатын 8D05401 — «Математика» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Жаппарова Сәуле жүргізді.
Шара барысында Наурыз мерекесінің астрономиялық негіздері, көктемгі күн мен түннің теңелуі, күнтізбелік есептеулер мен математикалық заңдылықтар арасындағы байланыс кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ұлттық дүниетаным мен ғылыми көзқарастың сабақтастығы ерекше атап өтілді.
Іс-шара студенттердің белсенді қатысуымен өтіп, олардың ғылыми ойлау қабілетін дамытуға және ұлттық құндылықтарды терең түсінуіне ықпал етті.

Математика кафедрасы
Басқа жаңалықтар
16 маусым 2026