XIX ғасырдағы бостандық күрес жырлары. Тарихи жыр — ҚазҰУ

91ý

XIX ғасырдағы бостандық күрес жырлары. Тарихи жыр

5 наурыз 2026
XIX ғасырдағы бостандық күрес жырлары. Тарихи жыр

ТДМ 16 бағытына сәйкес қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.  Советхан Тлеубаевтың және филология ғылымдарының докторы Гүлжан Болатованың жетекшілігімен наурыздың 5-і күні «Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанты Ешімов Тұрсынбай «XIX ғасырдағы бостандық күрес жырлары. Тарихи жыр» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге XIX ғасырдағы бостандық күрес жырлары мен тарихи жырлардың мазмұндық, идеялық және жанрлық ерекшеліктерін жан-жақты таныстыру, олардың қазақ әдебиетіндегі орны мен тарихи маңызын ғылыми тұрғыда түсіндіру болды.

Ашық сабақ барысында XIX ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстарға байланысты туған жырлардың тақырыптық-идеялық мазмұны талданып, тарихи жырлардың қалыптасу ерекшеліктері мен поэтикалық сипатына назар аударылды. Сонымен қатар аталған кезеңдегі әдеби шығармалардың халықтың азаттық идеяларын бейнелеудегі рөлі мен көркемдік қызметі сараланды.

Сабаққа қатысқан студенттер тарихи жырлардың ұлттық рухты қалыптастырудағы маңызын атап өтіп, бостандық күрес жырларының көркемдік ерекшеліктері мен идеялық мазмұнына қатысты өз пікірлерін білдірді.

Іс-шара интерактивті форматта ұйымдастырылды: сұрақ-жауап, топтық талдау, мәтіндік үзінділер негізінде пікір алмасу сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды.