Мейрамхана бизнесімен танысу: Del Papa мейрамханасындағы тәжірбие — ҚазҰУ

91ý

Мейрамхана бизнесімен танысу: Del Papa мейрамханасындағы тәжірбие

27 наурыз 2026
Мейрамхана бизнесімен танысу: Del Papa мейрамханасындағы тәжірбие

Оқу практикасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Мейрамхана ісі  және қонақ үй бизнесі» мамандығының 2-курс студенттері Алматы қаласындағы Del Papa мейрамханасына барды. Практика рекреациялық география және туризм кафедрасының қауымдастырылған профессоры Асипова Ж.М. жетекшілігімен ұйымдастырылды. Сапардың негізгі мақсаты мейрамхана кәсіпорнының жұмысын ұйымдастыру және қонақтарға қызмет көрсету жүйесімен танысу болды.

Экскурсия барысында мейрамхана менеджері Ильяр Тимурович студенттерге күнделікті жұмыс барысы, қызметкерлер арасындағы міндеттерді бөлу, сервис стандарттары және қызмет көрсету сапасын бақылау туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ студенттер қонақтарға қызмет көрсету үдерісімен және ас үй жұмысының санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылуымен танысты.

Сонымен қатар мейрамхананың маркетингтік қызметіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Kudafest гастрономиялық фестиваліне қатысуы және әлеуметтік желілер арқылы қызметтерін ілгерілету тәсілдері қарастырылды. Практикалық сабақ студенттердің теориялық білімдерін бекітіп, болашақ кәсіби қызметіне қажетті құнды тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.