"Қазақ тәржімашылары мен аударма өнерінің даму сипаттары" — ҚазҰУ

91ý

"Қазақ тәржімашылары мен аударма өнерінің даму сипаттары"

19 наурыз 2026
"Қазақ тәржімашылары мен аударма өнерінің даму сипаттары"

ТДМ 16 бағытына сәйкес қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы Шортанбай Шоқан Амангелдіұлының және филология ғылымдарының докторы Гүлжан Болатованың жетекшілігімен наурыздың 19-ы күні «Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанты Сапарбай Салтанат «Қазақ тәржімашылары мен аударма өнерінің даму сипаттары» тақырыбында ашық сағатын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге қазақ аударма өнерінің қалыптасу кезеңдерін, оның даму жолдарын, көрнекті тәржімашылардың еңбектерін жан-жақты таныстыру, түсіндіру және нақты мысалдар арқылы талдау болды. Қазақ аударма өнері ХХ ғасырдың басынан бастап қарқынды дамып, әлем әдебиетін ұлттық тілде сөйлету арқылы мәдени байланыстың маңызды құралына айналды. Әсіресе, тәуелсіздік кезеңінде аударма ісі жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, мазмұндық және стильдік тұрғыдан жаңаша сипат алды.

Бұл кезеңде қазақ тәржімашылары әлем әдебиетінің үздік үлгілерін ана тілімізге аударып қана қоймай, ұлттық дүниетанымға бейімдеп, көркемдік тұрғыдан байыта түсті. Аударма өнері тек тілдік үдеріс емес, сонымен қатар мәдениеттер арасындағы рухани көпір ретінде қызмет ететіні атап өтілді. Сонымен қатар, қазіргі аударма үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдер, заманауи технологиялар және авторлық интерпретация ерекшеліктері кеңінен қолданылып жүргені сөз болды.

Студенттер өз пікірлерінде қазақ аудармасының дамуы ұлттық әдебиеттің өркендеуіне тікелей әсер еткенін, сондай-ақ тәржімашылардың еңбегі арқылы әлемдік әдеби мұраның қазақ оқырмандарына қолжетімді болғанын атап өтті. Аударма өнері тіл байлығын арттырып қана қоймай, ұлттық әдебиеттің көркемдік көкжиегін кеңейтетін маңызды сала екені айтылды.

Сабақ интерактивті форматта өтті: сұрақ-жауап, топтық талдау, мәтіндер салыстыру, аударма нұсқаларын талқылау және тәржімашылардың стильдік ерекшеліктерін анықтау сияқты әдістер қолданылды.