Ақын Ерлан Жүніспен әдеби кездесу — ҚазҰУ

91ý

Ақын Ерлан Жүніспен әдеби кездесу

19 наурыз 2026
Ақын Ерлан Жүніспен әдеби кездесу

2026 жылдың 19 наурызда «Сапалы білім» атты тұрақты дамудың №4 мақсаты аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы  ақын, Мемлекеттік  «Дарын» сыйлығының иегері Ерлан Жүніспен әдеби кездесу өткізді. Іс-шараны филология ғылымдарының докторы, ассистент-профессор   Г.Ж. Болатова, филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Е.К. Карбозов, аға оқытушы              Б. Баязитов, аға оқытушы А.Қ. Саргелтаева және  «8D02304 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасының докторанттары  Б. Тұрсынбайұлы,               Б. Лесханқызы, С. Мынбаева ұйымдастырды.  Әдеби кездесуге кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.

Кездесу барысында студенттер ақынның шығармашылық жолы, туындыларындағы негізгі идеялар, қазіргі қазақ поэзиясының даму бағыты туралы қызықты сұрақтар қойып, еркін сұхбат құрды. Ақын оқырмандардың сұрақтарына жүйелі жауап беріп, өзінің әдебиетке келу жолы және шығармашылық жоспарларымен бөлісті.  2-курс студенттері Дина Байжігітова мен Дамира Тұрсынхан Ерлан Жүністің өлеңдерін жатқа оқыды. Ал өз кезегінде ақын жүрекжарды жырларын оқып, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.

Кеш соңында ақын белсенді қатысқан студенттерге өзінің кітаптарын қолтаңбасымен сыйға тартты.

Жастарға шабыт сыйлап, рухани әлемін байытқан әсерлі де мазмұнды әдеби кештің оқырман жадында сақталары анық.

 

Балнұр Лесханқызы

1-курс докторанты