«Әдебиеттанушы және шығармашылық еңбек»
2026 жылдың 27 ақпанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Е.М. Солтанаева және филология ғылымдарының докторы, ассистент-профессор Г.Ж. Болатова жетекшілігімен ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» бағытын негізге ала отырып «әдебиеттану» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Т.Н.Нышанбаева, «әдебиеттану» мамандығының 1-курс студенттеріне «Мамандыққа кіріспе» пәнінен «Әдебиеттанушы және шығармашылық еңбек» тақырабында ашық дәріс сабағын өткізді.

Ашық дәрістің басты мақсаты – 1-курс студенттеріне «әдебиет» және «әдебиеттану» ұғымдарының айырмашылығын түсіндіру. Әдебиеттанушы маманның негізгі міндеттері мен ғылыми ортадағы қызметтерін, қоғамдағы орнын таныстыру.
Әдебиет — шығармашылық өнер, ал әдебиеттану — ғылымның айрықша түрі. Шығармашылық еңбек — бұл тілдік «шикі материалды» арнайы шеберлік арқылы күрделі эстетикалық нысанға айналдыратын құбылыс. Ал әдебиеттанушының міндеті — осы шығармашылық тәжірибені интеллектуалдық тұрғыда білім жүйесіне айналдыру.
Әдебиеттану ғылымының негізгі нысаны — әдебиеттің өзі емес, оның «әдебилігі», яғни вербалды хабарламаны өнер туындысына айналдыратын ерекше құрылым. Жазушы — көркем әлемді жасаушы «инженер» болса, әдебиеттанушы — сол әлемнің заңдылықтарын ашып, оның маңызын ғылыми тұрғыдан дәлелдейтін зерттеуші.
«Әдебиеттанушы және шығармашылық еңбек» тақырыбы аясында қарастырылған мәселелер әдебиеттің тек сезімдік қабылдау нысаны емес, күрделі интеллектуалдық және құрылымдық жүйе екенін көрсетті.
Дәріс соңына таяу студенттер айтылған жаңа ақпараттарға байланысты өз пікірлерін білдірді. Үй тапсырмасы ретінде семинар сабағында талқыланатын автор шығармаларымен танысып келу тапсырылды.
Басқа жаңалықтар