ылыми қауымдастықтың басым міндеттері талқыланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу ордасының жетекші ғалымдары мен зерттеушілерінің қатысуымен алқалы жиын өтті. Кездесу барысында университеттің ғылыми-инновациялық даму бағыттары сараланып, қол жеткізген елеулі көрсеткіштері мен алдағы басымдықтары қаралды.
Басқосуды университеттің Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Марғұлан Ибраимов ашты. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚазҰУ ғалымдарымен кездесуінде жүктеген міндеттеріне тоқталып, ғылымды коммерцияландыру мәселесіне басымдық берді.

Проректор баяндамасында университеттің 2025 жылғы ғылыми жетістіктеріне сандық мәліметтер арқылы талдау жасады.

«2025 жылы университетте 219 гранттық жоба жүзеге асырылып, олардың жалпы қаржыландыру көлемі 7,5 миллиард теңгеден асты. Бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру бойынша 20 жобаға 7,7 миллиард теңгеге жуық қаражат тартылды. Жас ғалымдар бағыты бойынша 77 жоба қаржыландырылып, оның жалпы көлемі 684,6 миллион теңгені құрады. «ылым қоры» арқылы 2025-2027 жылдарға арналған үш жобаға 1 миллиард 50 миллион теңге бөлінді. Ал шаруашылық шарттық жұмыстар мен халықаралық жобалардың көлемі 533,9 миллион теңгеге жетті. Бұл университет ғылымының нақты қозғалысын көрсетеді», – деді Марғұлан Қасынұлы.

Жиын барысында ылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент директоры Қуаныш Тастамбек баяндама жасады. Ол жүзеге асырылып жатқан гранттық және бағдарламалық-нысаналы жобалардың орындалу барысы мен жас ғалымдардың зерттеулеріне жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижелерімен бөлісті.
Сондай-ақ ғалымдар алдағы уақытта ғылыми жұмыстардың сапасын арттыру мен нәтижелерді өндіріске енгізу тетіктерін талқылады.



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі