- Басты бет
- Жаңалықтар
- Химиялық физика және материалтану кафедрасында «Таза Қазақстан – ел болашағы» тәрбие сағаты өтті
Химиялық физика және материалтану кафедрасында «Таза Қазақстан – ел болашағы» тәрбие сағаты өтті
«Таза Қазақстан – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі» дегеніміз – табиғатты және қоршаған ортаны қорғау әрқайсымыздың маңызды міндетіміз. Бұл кураторлық сабақ, тұрақты дамудың 6-шы бағыты: “Таза су және санитария” мақсаттарымен ұштасады. Әсіресе су тазалығын сақтау ерекше мәнге ие, себебі таза су – адам денсаулығы мен өмірінің негізгі кепілі. Өзен-көлдерді ластамай, суды үнемді пайдалану арқылы біз табиғатты қорғауға өз үлесімізді қоса аламыз.
Осы орайда, химия саласындағы «7М07122 – Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасының магистранттарына 2026 жылғы 17 ақпанда сағат 16:00–16:50 аралығында докторант Нұрғаин Арайлым «Суды тазартуға арналған диатомит негізіндегі нанокомпозициялық материалдарды әзірлеу» тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Баяндама соңында магистранттармен сауалнама түрінде сұрақ-жауап ұйымдастырылып, тақырып жан-жақты талқыланды.
Аталған іс-шара барысында ғылыми зерттеулерді су тазалығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және көмірқышқыл газын ұстау бағыттарында жүргізудің еліміздің тұрақты дамуы үшін маңызы зор екені атап өтілді.
Куратор-эдвайзер, проф. М.Нажипқызы.
Басқа жаңалықтар