2026 жылдың 2-3 сәуір күндері жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценттері Пономаренко О.И., Рыскалиева Р.Г., Түгелбаева Л.М. ұйымдастыруымен «ТДМ 4-Сапалы білім беру», «ТДМ 6-Таза су және санитария», «ТДМ 13-Климаттық өзгерумен күрес» тақырыптары аясында Алматы қаласындағы №90 физика-математикалық мамандандырылған мектеп-лицейінде 9-10 сынып оқушыларына іс-шара өткізілді.
Іс-шара интерактивті форматта ұйымдастырылып, презентация көрсету, ұжымдық талдау, кейстерді және практикалық есептерді шешу, тұрақты даму тақырыптарына арналған викториналарды шешуді қамтыды.
4-ші ТДМ бойынша (Сапалы білім беру)
Білім берудің қолжетімдігі, цифрлық технологиялар және STEM-пәндер түсіндірілді. Оқушылар математикалық модельдеу мен онлайн білім алуды пайдаланудың мысалдарын қарасырды.
6-шыТДМ бойынша (Таза су және санитария)
Оқушылар тұщы су тапшылығы проблемалары мен суды тазалау және тиімді пайдалану әдістерімен танысты. Оларға суды тұтыну мен сүзу тиімділігін есептеуге арналған есептер ұсынылды.
13-ші ТДМ бойынша (Климаттық өзгерумен күрес)
Климаттың өзгеру себептері, антропогендік факторлардың әсері және көміртек іздерін төмендету мүмкіндіктері қарастырылды. Қатысушылар деректерді талдап, температура өзгерісінің графиктерін тұрғызды.
Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценттері
Пономаренко О.И., Рыскалиева Р.Г., Түгелбаева Л.М.
Басқа жаңалықтар