ылыми-мәдени интеграция артады — ҚазҰУ

91ý

ылыми-мәдени интеграция артады

6 сәуір 2026
ылыми-мәдени интеграция артады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Басқарма мүшесі –ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Марғұлан Ибраимов пен Хаджи Бекташ Вели атындағы Түрік мәдениеті және ғылыми-зерттеу орталығы делегациясының кездесуі өтті.

Жүздесу барысында тараптар бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын дамыту, оқытушылар мен студенттердің тәжірибе алмасу аясын кеңейту, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы академиялық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Проректор М.Ибраимов университеттің халықаралық деңгейдегі беделіне тоқталып, ҚазҰУ-дың QS WUR жаһандық рейтингінде әлемдегі үздік 200 оқу орнының қатарына кіретінін және Түркияның жетекші университеттерімен тығыз әріптестік орнатқанын атап өтті.

Келіссөздер кезінде 2022 жылы Мемлекет басшысының Түркияға ресми сапары аясында ашылған Ыстамбұлдағы ҚазҰУ филиалының қызметіне ерекше назар аударылды. Бұл бөлімше бүгінде екі ел арасындағы ғылым мен білімді интеграциялаудың және ірі жобаларды бірлесіп жүзеге асырудың маңызды алаңына айналып отыр.

Өз кезегінде делегация өкілдері, оның ішінде «Türk Kültürü ve Hacı Bektaş Veli Araştırma Dergisi» журналының бас редакторы Сабдуллах Гюльтен ынтымақтастықты тереңдетудің нақты қадамдарын ұсынды.

Екі жақ алдағы уақытта бірлескен ғылыми жарияланымдар дайындау, зерттеу жобаларын қолға алу, сондай-ақ жетекші мамандардың қатысуымен халықаралық семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізу туралы уағдаласты. 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі