«Жерімізді экологиялық апаттан құтқару үшін не істей аламыз?»
7 сәуір күні шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Махметова Д.М., Мырзахмет М.Ж., Мулдағалиева А.А., Несіпбаева З.С. және Луговская Е.И. Химия және химиялық технология факультетінің бірінші курс студенттерімен бірге ТДМ 15: «Жердегі тіршілік» бағыты аясында «Жерімізді экологиялық апаттан құтқару үшін не істей аламыз?» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара гибридті форматта өтті: онлайн және офлайн.
Іс-шара жобалық жұмыс түрінде ұйымдастырылды. Студенттер тақырыпқа байланысты қажетті материалдарды жинап, мазмұнды әрі қызықты презентациялар дайындады. Презентацияларда баяндаушылар экология саласындағы негізгі мәселелерді қамтып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Әрбір қатысушы жер бетіндегі табиғи алуан түрлілікті сақтауға қатысты өз тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараға шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жүрген студенттер де қатысты. Олар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Химиядағы наноматериалдар мен нанотехнологиялар» мамандығында оқитын студенттермен бірге өнер көрсетті.:
- Нгок Ву (Вьетнам ұлттық университеті, Ханой қ., Вьетнам);
- Бахаева Аружан (Римдегі Тор Вергата университеті, Италия).
Іс-шара Химия және химиялық технология факультеті ғимаратының алдында түсірілген ортақ фотомен аяқталды.
Басқа жаңалықтар