- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Фараби әлемі – 2026» конференциясы аясындағы №6 секция «ылымға қадам (мектеп оқушылары үшін)» жұмысының қорытындысы
«Фараби әлемі – 2026» конференциясы аясындағы №6 секция «ылымға қадам (мектеп оқушылары үшін)» жұмысының қорытындысы
2026 жылғы 7 сәуірде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі – 2026» халықаралық ғылыми конференциясы аясында №6 секция «ылымға қадам (мектеп оқушылары үшін)» отырысы өтті.
Жұмыс комиссиясының құрамы:
төраға — PhD, қауымдастырылған профессор, биотехнология кафедрасының меңгерушісі Сарсекеева Фариза Құдайбергенқызы;
модераторлар — биология ғылымдарының докторы, профессор Карпенюк Татьяна Анатольевна, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Игнатова Людмила Викторовна, PhD, аға оқытушы Шокатаева Дина Хабдулманатовна;
хатшы — PhD, аға оқытушы Абдулжанова Малика Анварбеговна.
Секция мектеп оқушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды: Қазақстанның әртүрлі білім беру ұйымдарынан, соның ішінде гимназиялар, жалпы білім беретін мектептер, мамандандырылған лицейлер мен жекеменшік мектептерден барлығы 38 тезис келіп түсті. Ең белсенді қатысушылар қатарында Мажит Бегалин атындағы №120 гимназия мен «Престиж» мектебінің оқушылары болды.
Отырыс барысында 26 ауызша баяндама тыңдалды. Олар биотехнология, экология және биологиядағы цифрлық шешімдер сияқты өзекті ғылыми бағыттарды қамтыды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, зерттеу дағдыларын және тақырыптардың өзектілігін көрсетті.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша комиссия жеңімпаздарды анықтады:
I дәрежелі диплом (ректор дипломына ұсынумен) «Престиж» мектебінің оқушылары Гафланзаде Санан мен Устинов Дмитрийге берілді. Тақырыбы:
«СОЗДАНИЕ СЪЕДОБНОЙ УПАКОВКИ НА ОСНОВЕ МИКРОБНОГО ПОЛИСАХАРИДА».
II дәрежелі дипломдар:
– Сабыржан Алуа (№159 Ы. Алтынсарин атындағы гимназия) — «A STUDY OF THE GENETICS OF GLAUCOMA»;
– Бахытжан Нурасылу (№9 жалпы білім беретін мектеп) — «ИНТЕРАКТИВНЫЙ БИОЛОГИЧЕСКИЙ ОПРЕДЕЛИТЕЛЬ ВИДОВ НА ОСНОВЕ КОМПЬЮТЕРНОГО ЗРЕНИЯ И БОЛЬШИХ ЯЗЫКОВЫХ МОДЕЛЕЙ».
III дәрежелі дипломдар:
– Ергали Айша (№163 мектеп) — «FLOATING FILTRATION BIOPLATFORM WITH MACROPHYTES FOR SUSTAINABLE WATER REMEDIATION»;
– Бочинина Ясна («Престиж» мектебі) — «ВАЛОРИЗАЦИЯ ОТХОДОВ ПЕРЕРАБОТКИ ЯБЛОК: ГИДРОТЕРМАЛЬНЫЙ ГИДРОЛИЗАТ ЖМЫХА КАК СУБСТРАТ ДЛЯ СИНТЕЗА БАКТЕРИАЛЬНОЙ ЦЕЛЛЮЛОЗЫ»;
– Қастерқызы Гауһар (№14 орта мектеп) — «ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТЕРІС ӘСЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ОСЦИЛЛЯЦИЯЛЫҚ МАССАЖДЫ ҚОЛДАНУ».
Барлық қатысушыларға қатысу сертификаттары табысталды.
Секция жұмысы мектеп оқушыларының ғылымға деген қызығушылығының жоғары екенін және болашақ жас зерттеушілердің әлеуеті зор екенін көрсетті.