5 сәуірде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ирантану бөлімі оқытушылары мен студенттері ТДМ-ның 3-ші «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағыты аясында Қарғалы шатқалында демалып қайтты.
Бұл шараның негізгі мақсаты - күйзелісті азайтып, физикалық белсенділікті арттыру ғана емес, оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту да болды.
Қазіргі уақытта денсаулықты күтудің, жүйкені тыныштандырудың бір жақсы жолы – табиғат аясында демалу. Алматы қаласы табиғаты тамаша тау бөктерінде орналасқандықтан, қала маңында көрікті жерлер өте көп.
Оқытушылар мен студенттер күні бойы Қарғалы шатқалында от жағып, тамақ пісіріп қана қоймай, әртүрлі спорттық ойындар ойнады. Доп ойнап, атқа мініп бойларын сергітіп, кешке қалаға жаңа серпіліс, жаңа шабытпен оралды.
Бұл шара салауатты өмір салтын насихаттауды сөз жүзінде емес, іс жүзінде көрсетуге ұмтылыс болды. Жақсы денсаулық және әл-ауқат – БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының бірі болып отырғаны тегін емес. Олар адамның өмір сүруінің сапасын арттырып, салауатты өмір салтына үндейді.
Боранбаева А.Ж.
Ирантану бөлімінің меңгерушісі
