«Студенттік бастама - тұрақты даму драйвері»Farabi University

91ý

«Студенттік бастама - тұрақты даму драйвері»

19 ақпан 2026
«Студенттік бастама - тұрақты даму драйвері»

 

 «Студенттік бастама - тұрақты даму драйвері» тақырыбында: Студенттердің өз жобалары, идеялары мен бастамалары, сондай-ақ көшбасшылық және командалық құзыреттерді дамыту арқылы орнықты даму мақсаттарын іске асыруға белсенді қатысуын ынталандыру мақсатында, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының оқытушылары Ултанбекова Г.Д., Мухатаева К.А., Мамытова М.С. экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға және студенттерді тұрақты даму қағидаттарын іске асыруға тартуға бағытталған  кураторлық сағат өткізді.

Іс-шара барысында магистранттар ресурстарды ұтымды пайдаланудың, қалдықтарды азайтудың және күнделікті өмірде тұрақты тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелерін талқылады. Университет пен қоғам деңгейіндегі экологиялық мәселелерді шешудегі студенттік бастамалардың рөліне ерекше назар аударылды.

Іс-шара аясында студенттер экологиялық іздерді азайтуға, саналы тұтынуды насихаттауға және студенттік ортада экологиялық мәдениеттід амытуға бағытталған өздерінің шағын жобаларын әзірледі.

Бұл бастама БҰҰ – ның №12 "Жауапты тұтыну және өндіріс" орнықты даму мақсатын ілгерілету контекстінде іске асырылады және студенттердің экологиялық жауапты мінез-құлық, жобалық ойлау және әлеуметтік белсенділік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

 

 

Тұрақты даму мақсаттары: маңызы мен міндетіFarabi University