ПӘКІСТАННЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ БАС КОНСУЛДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ — ҚазҰУ

91ý

ПӘКІСТАННЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ БАС КОНСУЛДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

9 сәуір 2026
ПӘКІСТАННЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ БАС КОНСУЛДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының урду тілі бөлімі студенттерінің Пәкістан Ислам Республикасының Алматыдағы бас консулы Ризвана Қази ханыммен ресми кездесуі өтті. Кездесу барысында консул екіжақты сауда және экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен даму перспективаларына арналған дәріс оқыды.
Ресми кездесудің басты мақсаты студенттердің кәсіби білімін тереңдету, мәдениетаралық құзыреттілігін дамыту және Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстар туралы түсініктерін кеңейту. Аталған іс-шара БҰҰ 17-мақсаты “Серіктестік арқылы даму” қағидаттарымен үндесіп, халықаралық білім беру және мәдени алмасу аясындағы тәжірибені арттырды.

Кездесуге Алматы қаласындағы ЖООда біліп алып жатқан пәкістандық студенттерде қатысты. Дәріс барысында студенттер екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті нығайту жолдары мен инвестициялық мүмкіндіктер мен халықаралық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалымен танысты. Сонымен қатар, Пәкістан мәдени күндері аясында ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысқан студенттерге арнайы сертификаттар табысталды.
Студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, мұндай академиялық іс-шаралардың кәсіби дамуға, мәдени көкжиегін кеңейтуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға маңызды рөл атқаратынын атап өтті.