«Қазақстан Республикасында "жасыл" экономиканы қалыптастырудың құқықтық мәселелері» атты секциясыFarabi University

91ý

«Қазақстан Республикасында "жасыл" экономиканы қалыптастырудың құқықтық мәселелері» атты секциясы

9 сәуір 2026
«Қазақстан Республикасында "жасыл" экономиканы қалыптастырудың құқықтық мәселелері» атты секциясы

2026 жылғы 9 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық «Фараби әлемі» ғылыми конференциясы аясында заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының «Қазақстан Республикасында "жасыл" экономиканы қалыптастырудың құқықтық мәселелері» атты секциясы өтті.
Аталған секция бойынша байқау комиссиясы факультет деканының өкімімен 6 адамнан тұратын құрамда бекітілді. Комиссия төрағасы болып заң ғылымдарының кандидаты, профессор Айгаринова Г.Т. тағайындалды. Комиссия құрамына PhD докторы, аға оқытушы Рашева Г.К., аға оқытушы Есекеева А.А., оқытушылар Бектұрсын Р. мен Елеусизова Н., сондай-ақ хатшы ретінде оқытушы Кудайбергенов А.А. кірді. 
«Қазақстан Республикасында "жасыл" экономиканы қалыптастырудың құқықтық мәселелері» секциясы бойынша барлығы 34 ғылыми жұмыс келіп түсіп, оның 14-і конференция бағдарламасына енгізілді. Секция жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті мен география факультетінің студенттері, сондай-ақ UIB Халықаралық бизнес университеті мен Д.А. Қонаев университетінің білім алушылары қатысты. 
Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми жұмыстарын қарастыру нәтижесінде байқау комиссиясы үздік баяндамаларды атап өтті. Аталған секция жас зерттеушілердің ғылыми ізденістерін қолдауға, экологиялық құқық пен «жасыл» экономиканы құқықтық реттеу мәселелеріне қызығушылықты арттыруға және ғылыми бастамаларды дамытуға маңызды үлес қосты.