- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы: Цифрлық дәуірдегі тарих ғылымының жаңа көкжиектері
«Фараби әлемі» халықаралық конференциясы: Цифрлық дәуірдегі тарих ғылымының жаңа көкжиектері
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі «ылым айы» аясында студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы салтанатты түрде ашылды. Бұл ауқымды жиын жас зерттеушілердің басын қосып, тарих, археология және архив ісі саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын жаһандық алаңға айналды.
Пленарлық мәжіліс және инновациялық бағыттар Конференцияның ашылуы факультеттің Этнография музейінде өтті. Пленарлық мәжіліс барысында тарих ғылымын цифрландыру мен пәнаралық байланысқа негізделген соны зерттеулер ұсынылды. Атап айтқанда, Алтын Ордадағы көшпелі мал шаруашылығын математикалық модельдеу , архив құжаттарын автоматты генерациялауға арналған интеллектуалды жи платформаларын құру және музейлердегі заманауи басқару жүйелерінің тиімділігі секілді тақырыптар талқыланды.
Халықаралық ынтымақтастық: Еуропадан Америкаға дейін
Биылғы конференция өзінің географиялық ауқымымен және қатысушылардың жоғары деңгейімен ерекшеленді. Студенттер мен жас ғалымдар әлемнің жетекші ғылыми орталықтарынан баяндама жасады:
· Франция: Париж қаласындағы Әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің (EHESS) зерттеушісі Джордж Соллогуб (Georges Sollogoub) қатысып, еуропалық ғылыми мектептің тәжірибесімен бөлісті.
· АҚШ: Индиана университетінің студенті Олсон Эйдан Брабанттық Хадевейхтің мистикалық жүйесі туралы тың зерттеуін ұсынды.
· Ресей: РҒА Сібір бөлімшесі Солтүстік халықтарының гуманитарлық зерттеулер және проблемалары институтының зерттеушісі С. Барабанский (Саха Республикасы) азамат соғысы кезеңіндегі қатысушылардың бейнесін талдады. Сондай-ақ, Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінің (МГСУ) студенттері Ресей тарихындағы реформалар мен күнделікті тұрмыс мәселелерін қозғады.
Отандық ғылыми серіктестік
Конференция еліміздің жетекші оқу орындарының ғылыми байланысын нығайтуға септігін тигізді:
· Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (ЖенПУ) студенттері этногенез бен тарихты оқыту әдістемесі бойынша баяндамалар жасады.
· Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің өкілдері Алаш зиялыларының қоғамды жаңғыртудағы рөлін талдады.
· ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттары билер институты мен Қазақстанның конституциялық сабақтастығы тақырыптарында өз ізденістерін ұсынды.

Конференция соңында Тарих факультетінің Этнография музейінде қорытынды отырыс өтті. Отырыс барысында 11 секция бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері жарияланып, конференцияның ресми шешімдері қабылданды. Үздік баяндама жасаған жас ғалымдар марапатталып, бұл шара «ылым айының» аясында жас буынның ғылыми әлеуетін арттыруға қосқан маңызды үлесі ретінде жоғары бағаланды.