Әдебиет пен руханият тоғысқан жүздесу
ТДМ-17 8 суір күні л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінде рухани мазмұны терең, тағылымы мол кездесу өтті. Факультет төріне белгілі қытай жазушысы, аудармашы, ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы мүшесі – Акбар Мжит арнайы келіп, болашақ журналистермен жүздесті.
Кездесудің шымылдығы факультет деканы м.а.– Мншүк Тынышқалиқызы Мұқашеваның жүрекжарды лебізімен түрілді.
Жүздесу шынайы сұхбат алаңына айналып, студенттер үшін ерекше серге толы болды. Қаламгер өз өмір жолынан сыр шертіп, шығармашылықтағы ізденісі мен рухани жауапкершілік туралы ой қозғады. Ол ұзақ жылдар бойы Қытай жазушылары баспа тобы директорының орынбасары қызметін атқарып, сондай-ақ «Қытай жазушылары», «Ұлттар дебиеті» сынды беделді деби басылымдардың бас редакторы болғанын атап өтті. Бұл тжірибесі оның дебиет леміндегі орнын айқындай түсетіні сөзсіз.
Әдеби кештің ең серлі тұстарының бірі – жазушының өз шығармалары жайлы тебірене ңгімелеуі болды. «Қайран он бестегі Халида-ай», «Ақсақ құлан», «Мұхаммед Пайғамбар», «Мұқали» сынды туындылары арқылы ол адам жанының терең иірімдерін, тарих пен тағдырдың тоғысқан тұстарын суреттейтінін жеткізді. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлы қара сөздерін қытай тіліне аудару барысындағы тжірибесімен бөлісіп, ұлы ойшыл мұрасының Қытай оқырмандарына қалай жол тапқанын серлі түрде баяндады.
Қытай Жазушылар одағы мүшесі, Қытай мемлекеттік сыйлығының
лауреаты, ҚР «Достық» орденінің иегері атанған қаламгер бүгінде қытай тілінде қалам тербеп, 30-ға жуық кітаптың авторы ретінде танылған. Оның еңбектері ұлттық дебиет пен лемдік мдениетті жалғайтын алтын көпір іспетті.
Кездесу барысында студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, ксіби бағыт-бағдар жөнінде құнды кеңестер алды. Жазушы жастарға шығармашылықта адал болу, көп оқу жне тіл меңгерудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Кеш соңында факультет деканы, профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттар құрметті қонаққа алғыс білдіріп, мұндай тағылымды кездесулердің жас буын үшін маңызы зор екенін жеткізді.
Аталмыш жүздесу – рухани сабақтастықтың, деби байланыстың жарқын көрінісі ретінде студенттер жадында ұзақ сақталары сөзсіз.
Н.Б. Рушанова,
л-Фараби ат.ҚазҰУ, журналистика факультеті,
деканның оқу-дістемелік жөніндегі
орынбасары, PhD