ЭКО-ЭНЕРГИЯ: «Таза Қазақстан – таза болашақ» интерактивті сайысы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінде Қолданбалы физика және электринженериясы білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері арасында «ЭКО-ЭНЕРГИЯ: Таза Қазақстан – таза болашақ» тақырыбында мазмұнды әрі танымдық интерактивті сайыс өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, энергияны тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру, жаңартылатын энергия көздері туралы білімдерін кеңейту және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау көзқарасын дамыту болды. Сонымен қатар, іс-шара студенттердің заманауи экологиялық мәселелерге бейжай қарамай, оларды шешудің нақты жолдары туралы ойлануына мүмкіндік берді.

Сайыс бірнеше кезең бойынша ұйымдастырылып, әр бөлім қатысушылардың теориялық дайындығын, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылығын және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталды. Алғашқы «Эко-блиц» кезеңінде студенттерге қысқа әрі нақты сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, жаңартылатын энергия көздеріне не жататыны, күн энергиясының негізгі көзі, энергияны үнемдеудің тәсілдері және Қазақстанда кең таралған энергия көздері туралы сұрақтар ұсынылды. Бұл кезеңде қатысушылар өздерінің бастапқы білім деңгейін көрсетіп, жылдам әрі дұрыс жауап беру арқылы белсенділік танытты.
«Энергия көздерін сәйкестендір» кезеңінде командаларға энергия көздері мен олардың сипаттамалары берілді. Қатысушылар күн энергиясының фотоэлектрлік панельдер арқылы өндірілетінін, жел энергиясының турбиналар көмегімен алынатынын, су энергиясының гидроэлектр станциялары арқылы өндірілетінін, ал биомассаның органикалық қалдықтардан алынатынын дұрыс сәйкестендіру арқылы өз білімдерін дәлелдеді. Бұл кезең студенттердің теориялық ұғымдарды жүйелі түрде қабылдауына және оларды практикамен байланыстыра білуіне ықпал етті.
«Ойлан, тап!» атты логикалық бөлім ерекше қызығушылық тудырды. Қатысушыларға экологиялық жағдайларға байланысты тапсырмалар ұсынылып, «Егер қалада энергия тапшылығы болса, қандай шешім ұсынар едің?» және «Қай энергия көзі экологиялық тұрғыдан тиімді және неге?» деген сұрақтарға жауап беру тапсырылды. Бұл бөлімде студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, мәселені талдау, дәлелдеу және тиімді шешім ұсыну қабілеттерін көрсетті. Олардың жауаптарынан экологиялық мәселелерге саналы көзқарас пен азаматтық жауапкершілік анық байқалды.
Сайыстың келесі «Эко-жоба» кезеңінде командалар қысқа уақыт ішінде шағын жобалар дайындады. «Таза қала» концепциясы мен «Энергия үнемдейтін мектеп/университет» тақырыптары аясында қатысушылар қалдықтарды сұрыптау, энергияны үнемдейтін технологияларды енгізу, жарықтандыру жүйесін оңтайландыру, күн панельдерін пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Бұл кезең студенттердің шығармашылық әлеуетін ашып қана қоймай, олардың инженерлік және жобалық ойлауын дамытуға зор әсер етті.
«Дұрыс немесе бұрыс» кезеңі де мазмұнды өтті. Мұнда «Көмір – жаңартылатын энергия көзі», «Күн энергиясы экологиялық таза», «Энергия үнемдеу қоршаған ортаға әсер етпейді» сияқты тұжырымдар беріліп, студенттер олардың дұрыстығын немесе қателігін негіздеуі тиіс болды. Бұл бөлім қатысушылардың экологиялық тақырыптар бойынша нақты әрі дәлелді ой айтуына, қате түсініктерді ажырата білуіне мүмкіндік берді.
Қорытынды бөлімде іс-шараның тәрбиелік және танымдық маңызы ерекше атап өтілді. Аталған интерактивті сайыс студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға, энергияны үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға, жаңартылатын энергия көздері туралы білімін тереңдетуге және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау дағдысын дамытуға бағытталды. Сонымен қатар, сайыс форматы студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, олардың сыни ойлау, топтық жұмыс, өз пікірін дәлелдеп жеткізу және шешім қабылдау дағдыларын жетілдіруге ықпал етті. Бұл іс-шара «ТДМ 7 – Қолжетімді әрі таза энергия» бағытымен де сабақтасып, сапалы білім беру арқылы студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасады.