- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жақсы сөз – жан азығы: Студенттердің шығармашылық бастамалары мен рухани жаңғыруы
Жақсы сөз – жан азығы: Студенттердің шығармашылық бастамалары мен рухани жаңғыруы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінде, атап айтқанда, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен «Жақсы сөз – жан азығы» атты ерекше форматтағы тренинг өтті. Бұл шараның басты мақсаты – студенттердің коммуникативті дағдыларын дамыту, жастар арасындағы өзара сыйластық пен рухани құндылықтарды дәріптеу.
Тренинг барысында студенттер тек тыңдаушы болып қана қоймай, өздерінің тың идеяларымен бөлісті. Қатысушылар «Сөз құдіреті» тақырыбында түрлі жобалар ұсынып, қазіргі қоғамдағы жағымды сөйлеу мәдениетінің маңыздылығын талқылады. Әрбір идея жастардың болашаққа деген нық сенімін және әлеуметтік жауапкершілігін көрсетті. Тренинг соңында ең үздік креативті ұсыныстар факультеттің тәрбие жұмысы жоспарына енгізілді.
Басқа жаңалықтар