ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: ТДМ 5 – Гендерлік теңдікті талқылау
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына қатысты мәселелер, атап айтқанда:
• Тұрақты даму нені қамтиды?
• Тұрақты даму мақсаттарына не жатады?
• Тұрақты әлем дегеніміз не? сияқты сұрақтар 24.02.2026 ж. «6B05102 Биология» мамандығының 1-курс студенттері (6-топ) ұйымдастырған дөңгелек үстелде талқыланды (оқытушылар: Сейтказы Э.А., Баркибаева Р.Р.). Сонымен қатар, ерекше назар 5-мақсатқа — гендерлік теңдік мәселелеріне аударылды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты — қарастырылып отырған мәселе бойынша идеялар мен пікірлерді жинақтау болды.
Сабақ барысында гендерлік тәрбие мәселелері қозғалды, бұл мәселе қазіргі уақытта ерекше өзектілікке ие болып отыр. Гендерлік теңсіздік туралы айта келе, студентка Джанназарова Инабат көбінесе әйелдердің белгілі бір салалардағы теңсіз жағдайы (жалақы айырмашылығы, төленбейтін үй еңбегі, басқарушы лауазымдарға қолжетімділік және т.б.) назарға алынатынын атап өтті. Студенттердің пікірінше, гендерлік теңсіздіктің себептері мен деңгейі қоғамның дамуымен (әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, технологиялық), гендерлік тәртіппен және мінез-құлық факторларымен байланысты.
Студенттер еліміздегі гендерлік теңдік мәселесін де талқылады. Олардың айтуынша, гендерлік теңдік — адам құқықтарының маңызды бөлігі және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Студентка Ендыбай Асылнұр әйелдердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуы еңбек өнімділігінің артуына және экономикалық өсімге ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, жұмысқа қабылдау кезінде теңсіздік байқалатыны, әсіресе IT саласында ер адамдарға артықшылық берілетіні айтылды. Сондай-ақ, студенттер әйелдерге қатысты әртүрлі зорлық-зомбылық түрлері орын алатынын мысалдармен келтірді.
Қорытындысында студенттер гендерлік теңдік тақырыбында ашық пікір алмасудың маңыздылығын атап өтті. Гендерлік теңдік — бұл ең алдымен әйелдер мен ерлердің әлеуметтік, саяси, құқықтық және еңбек салаларындағы тең құқықтылығын қолдау екенін еске салды.
Сабақ соңында оқытушылар студенттерге қарастырылмаған мәселелерді өз бетінше зерттеуді ұсынды және олардың белсенділігін жоғары бағалап, бұл олардың азаматтық, әлеуметтік және саяси жетілгендігін көрсететінін атап өтті.
Аға оқытушы: Сейтказы Э.А.
Қауымдастырылған профессор: Баркибаева Р.Р.
Басқа жаңалықтар