IV студенттік қысқаметражды фильмдер кинофестивалі «Dura lex, sed lex» — ҚазҰУ

91ý

IV студенттік қысқаметражды фильмдер кинофестивалі «Dura lex, sed lex»

13 сәуір 2026
IV студенттік қысқаметражды фильмдер кинофестивалі «Dura lex, sed lex»

2026 жылғы 10 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры Г.Н. Мухамадиеваның жетекшілігімен IV студенттік қысқаметражды фильмдер кинофестивалі «Dura lex, sed lex» өткізілді. Аталған іс-шара студенттердің қылмыстық процесс саласындағы практикалық дағдыларын дамытуға, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын оқуға деген қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ шығармашылық қызмет арқылы кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталды.

Фестиваль аясында ұсынылған бейнероликтер қазылар алқасы тарапынан күдіктіні ұстау рәсімінің көрнекілігі, тергеу әрекеттерін жүргізу барысының көрсетілуі, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкестігі, бейнетүсірілім мен монтаж сапасы, сондай-ақ тапсырманы орындаудағы шығармашылық тәсіл деңгейі тұрғысынан бағаланды. Ерекше назар ұсынылған көріністердің құқықтық нақтылығына және олардың болашақ кәсіби қызмет үшін практикалық маңыздылығына аударылды.

Кинофестиваль аясында «Алтын үкі» кинопремиясы тағайындалды. Сонымен қатар, Telegram-каналдағы онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша анықталатын көрермендер көзайымы жүлдесі қарастырылды.

Өткізілген іс-шара студенттердің теориялық білімдерін нығайтуға, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану бойынша практикалық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ қатысушылардың шығармашылық белсенділігі мен командалық өзара іс-қимылын арттыруға ықпал етті.