ТДМ 4: Сапалы білім және жеке өсу жолы — ҚазҰУ

91ý

ТДМ 4: Сапалы білім және жеке өсу жолы

15 қараша 2025
ТДМ 4: Сапалы білім және жеке өсу жолы

2025 жылдың 15 қарашасында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Спанбек Арайлым Нұрланқызы 1-курс студенттері 6B05103 «Биотехнология» тобымен бірге салауатты өмір салты, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі оқыту және мәдениетаралық коммуникация тақырыбында сабақ өткізді.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттары аясында ұйымдастырылып, студенттерде өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, үздіксіз білім алу және мәдени әртүрлілікті құрметтеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Сабақ барысында студенттер плакаттар мен интеллект-карталар дайындап, салауатты өмір салты бойынша заманауи үрдістерді және қарқынды оқу жағдайында физикалық және психологиялық әл-ауқатты сақтау жолдарын талқылады. Бір команда «Өзін-өзі дамыту қадамдары» тақырыбында әр кезеңнің мәні мен маңыздылығын баяндаса, екінші команда өзін-өзі дамыту кезінде салауатты өмір салтын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Үшінші команда мәдени айырмашылықтар туралы интеллект-карта жасап, әртүрлі халықтардың мәдениеті мен тілдеріне деген білім мен құрметін көрсетті.

Қатысушылар самоменеджмент пен мәдени төзімділік дағдылары студенттерге білім беру ортасына сәтті бейімделуге және тиімді қарым-қатынас құруға қалай көмектесетінін пікір алмасып талқылады.

Сабақ соңында оқытушы өзін-өзі дамыту, өзін-өзі оқыту және мәдениетаралық диалогтың жеке тұлғаның өсуі мен академиялық жетістіктерімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Мұндай сабақтар белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыруға, көзқарасты кеңейтуге және қазіргі қоғамда сұранысқа ие универсалды құзыреттерді дамытуға ықпал етеді.