Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Фараби әлемі» конференциясы аясында
«Қазіргі кездегі сот билігі мен қылмыстық іс жүргізудің өзекті мәселелері» секциясының жұмысы қорытындыланды
2026 жылғы 9 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық «Фараби әлемі» ғылыми конференциясы аясында қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «Қазіргі кездегі сот билігі мен қылмыстық іс жүргізудің өзекті мәселелері» атты секциясы өтті.
Аталған секция сот билігінің дамуы, қылмыстық процесті жетілдіру және құқық қолдану тәжірибесіне заманауи тәсілдерді енгізу мәселелерін талқылайтын маңызды ғылыми алаңға айналды. Қатысушылар дәлелдеу құқығы, қылмыстық сот ісін жүргізуді цифрландыру, сот пен тергеудің рөлі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелеріне арналған зерттеулерін ұсынды.
Секцияның байқау комиссиясы факультет деканының өкімімен бекітіліп, төрт адамнан құралды. Комиссия төрағасы — заң ғылымдарының докторы, профессор Берсугурова Л.Ш.
Комиссия құрамында: заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шарипова А.Б., заң ғылымдарының кандидаты, профессор Мухамадиева Г.Н. болды.
Хатшы – аға оқытушы Жақыш А.Ж.
Ұсынылған баяндамалар қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін, таңдалған тақырыптардың өзектілігін және жас зерттеушілердің қылмыстық іс жүргізу ғылымының заманауи мәселелерін терең зерделеуге деген ұмтылысын көрсетті.
Байқау комиссиясының шешімі бойынша I дәрежелі дипломмен Маргулан Алина Маргуланқызы «Қылмыстық процестегі дәлелдеме көзі ретіндегі цифрлық іздер» тақырыбындағы баяндамасы үшін марапатталды.
II дәрежелі дипломдар Иманбаев Наиль Нурдаулетовичке және Ахмет Тұрсынай Серікқызына табысталды.
III дәрежелі дипломдармен Канаева Карина Муратовна, Карыбекова Алуа Нурболовна және Рабатов Аманжол марапатталды.
Секция жұмысы сот билігі мен қылмыстық іс жүргізу мәселелерінің студенттер, магистранттар және жас ғалымдар арасында үлкен қызығушылық тудыратынын көрсетті. Ұсынылған зерттеулердің тақырыптары заң ғылымы мен тәжірибесінің заманауи сын-қатерлерін, сондай-ақ жас зерттеушілердің құқықтық жүйені дамыту мен қылмыстық процестің тетіктерін жетілдіруге үлес қосуға деген ұмтылысын айқын көрсетті.
«Фараби әлемі» конференциясы аясында аталған секцияның өткізілуі жастардың жоғары ғылыми әлеуетін, білім алушылардың белсенді зерттеушілік ұстанымын және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білікті заңгер мамандар мен ғалымдардың жаңа буынын даярлаудағы маңызды рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жеңімпаздар мен секция қатысушыларын табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және оларға жаңа ғылыми жетістіктер, тың бастамалар мен кәсіби табыс тілейміз.
Басқа жаңалықтар