- Басты бет
- Жаңалықтар
- Транслингвистиканың жаңа көкжиектері: «Фараби әлемі» конференциясының №6 секциясының қорытындылары
Транслингвистиканың жаңа көкжиектері: «Фараби әлемі» конференциясының №6 секциясының қорытындылары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде өткен «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы аясында №6 «Заманауи транслингвистиканың өзекті мәселелері» секциясы өз жұмысын табысты өткізді.

Секция жұмысына Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарынан келген жас зерттеушілер қатысты. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ-Америка университеті және ҚР ҰҚК Шекара академиясының студенттері мен жас ғалымдары белсенділік танытты. Барлығы 12 өтінім қабылданып, секция жұмысына қосымша қатысушылар да тартылды. Отырыс барысында 13 баяндама офлайн, 2 баяндама онлайн форматта ұсынылды.
Секция модераторларының жетекшілігімен өткен отырыс жоғары ғылыми деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар заманауи транслингвистика мәселелері бойынша өзекті зерттеулерін ұсынды. Баяндамаларда көркем және поэтикалық мәтіндерді аудару стратегиялары, идиомалар мен клишелерді жеткізу ерекшеліктері, сондай-ақ «транслингвизм» ұғымының заманауи түсіндірмелері қарастырылды.
Секция қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I дәрежелі диплом – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Сейдахмет Әмірханға «Specifіcs of Translating English Children’s Fiction» тақырыбындағы жұмысы үшін берілді (ғылыми жетекшісі – ф.ғ.к., доцент С.Д. Сейденова).
II дәрежелі дипломдар:
– Оралханқызы А. (Қазақ-Америка университеті) – Дилан Томас шығармасын аудару барысында юмор мен образдылықтың сақталуына арналған зерттеу үшін;
– Нұрланқызы Дариға (ҚазҰУ) – М. Мақатаев шығармаларының аудармалары негізінде поэтикалық әуезділікті сақтау мәселесіне арналған жұмысы үшін.
III дәрежелі дипломдар:
– Кумбатова Айлин (ҚазҰУ) – идиомаларды аудару стратегиялары бойынша;
– Турсынбаева Аида (ҚазҰУ) – экономикалық клишелерді аудару мәселелері бойынша;
– Сайхамадова Ш.Е. (ҚазҰУ) – «транслингвизм» ұғымының заманауи түсіндірмесіне арналған зерттеуі үшін.
Бірқатар қатысушылар белсенділігі мен жоғары ғылыми деңгейдегі баяндамалары үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Секция жұмысы жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін және транслингвистика бағытындағы зерттеулердің өзектілігін айқын көрсетті.
Аймагамбетова М.М., Искакова Г.Н.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Басқа жаңалықтар