- Басты бет
- Жаңалықтар
- Открытый диалог «Карьерный путь востоковеда» состоялся на факультете востоковедения
Открытый диалог «Карьерный путь востоковеда» состоялся на факультете востоковедения
2026 жылғы 10 сәуірде Шығыстану факультетінде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен «Шығыстанушының мансаптық жолы» тақырыбында ашық диалог өтті. Іс-шара аралас форматта (онлайн және офлайн) «Шығыстану (араб тілі)» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді түлектердің нақты мансаптық жолдарымен таныстыру, шығыстану саласындағы кәсіби мүмкіндіктер туралы түсініктерін кеңейту, сондай-ақ әртүрлі салада табысты еңбек етуге қажетті практикалық дағдыларды дамыту.
Кездесу барысында факультеттің әртүрлі кәсіби салаларда табысты қызмет атқарып жүрген үш түлегі сөз сөйледі: Избасаров Саят Бауржанович – Nomado Partners компаниясының (MENA өңірі) бизнес дамыту менеджері; Адылбеков Анэс – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас сарапшысы; Сеилханов Ғали Асқарұлы – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы.
Спикерлер студенттермен кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, мансаптық таңдау жолдары, мемлекеттік құрылымдарда, дипломатиялық қызметте және халықаралық бизнесте шығыстанушы ретінде жұмыс істеудің ерекшеліктері туралы айтып өтті, сондай-ақ қазіргі заман талабына сай қажетті негізгі дағдыларды атап өтті. Сонымен қатар, араб тілін меңгерудің практикалық маңызына, мәдениетаралық коммуникацияға және түрлі салалардағы – дипломатия, мемлекеттік қызмет, халықаралық сауда мен талдау бағыттарындағы жұмыс мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, түлектердің нақты мансаптық тәжірибелерімен танысып, кәсіби даму бойынша ұсыныстар алды. Мұндай іс-шаралар студенттер мен түлектер арасындағы байланысты нығайтып, болашақ шығыстанушыларға кәсіби бағдарын дұрыс таңдауға көмектеседі.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда 4-мақсат «Сапалы білім» және 8-мақсат «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бағыттарына сәйкес келеді. Бұл студенттердің білім сапасын арттыруға, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және олардың еңбек нарығына табысты бейімделуіне, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Ұйымдастырушылар шақырылған түлектерге мазмұнды баяндамалары мен студенттердің кәсіби бағдарын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.