- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тыйым салудан стратегияға дейін: оқытушылар студенттердің ЖИ қолдану тәсілдерін талқылады
Тыйым салудан стратегияға дейін: оқытушылар студенттердің ЖИ қолдану тәсілдерін талқылады
2026 жылы 10 сәуірде шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары студенттердің жасанды интеллектіні (ЖИ) бақыланатын түрде қолдануына арналған тапсырмаларды әзірлеу мәселесіне бағытталған әдістемелік семинар өткізді.
Семинарды ұйымдастырушылар: кафедра оқытушылары ассистент-профессор Қарагойшиева Д.А., ассистент-профессор Пшенина Т.Е., аға оқытушы Төреханова Р.А., сондай-ақ кафедра меңгерушісі Аймагамбетова М.М.
Семинар Т.Е. Пшенинаның студенттердің жасанды интеллектіні рұқсатсыз қолдануынан қорғалған тапсырмалар рейтінгісімен таныстырудан басталды. Оқытушылар дәстүрлі тапсырмаларды жаңартылған форматтармен салыстырып, оқу үдерісінде қолдануға ыңғайлы ең тиімді нұсқаларды анықтады.
Одан кейін Д.А. Карагойшиева әріптестерін студенттердің ЖИ-ді сыни тұрғыдан өңдеусіз қолдануын шектеуге бағытталған тапсырмаларды әзірлеу тәжірибесімен таныстырды. Әсіресе, талдауға арналған жеке деректер жиынтықтары мен шығармашылық тапсырмалар ерекше қызығушылық танытты.
Үшінші сөйлеуші Р.А. Төреханова студенттердің ЖИ-ді теріс пайдалану жайдайларын анықтауға мүмкіндік беретін технологиялық құралдарға шолу жасап, оларды оқу үдерісінде қолданудың практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Талқылау барысында оқытушылар ЖИ-ді қолдану студенттердің жеке білім алу тракториясын қалыптастыруға ықпал ететінін, материалды қайталау мен бекіту мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті. Сонымен қатар, бұл жеткілікті деңгейде ынталанбаған студенттер арасында бейқамдықты, жалқаулықты қалыптастыру қаупін де туындататыны айтылды.
Семинар қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар келесі оқу жылында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының жұмысы аясында бағдарламаға енгізіліп, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-мақсаты — «Сапалы білім беруді» іске асыру аясында қолданылатын болады.