«Жасыл ойлау: күнделікті өмірдегі экологиялық мәдениет және тұрақты даму»
Ботаника және агрорэкология кафедрасында 2025-2026 оқу жылынның 13 сәуірде «6В05102-Биология» биология білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен бірлесе кафедраның доцент-зерттеуші А.С. Нурмаханова, доцент м.а. А.Ж. Чилдибаева және Т.Рысқалидың қатысыумен «Жасыл ойлау: күнделікті өмірдегі экологиялық әдеттер» тақырыбында тәрбилек іс-шара өтті. Жасыл ойлау ұғымы - адамның табиғи ресурстарға ұқыпты қарап, қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтауға бағытталған экологиялық санасының жоғары деңгейі екендігі аталды. Бұл ұғым тұрақты даму концепциясына негізделіп, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік факторлардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Жасыл ойлау күнделікті өмірде энергия мен суды үнемдеу, қалдықтарды азайту және қайта өңдеу сияқты практикалық әрекеттер арқылы қолданылатындығы ерекше аталды. Қалдықтарды басқаруда қайта өңдеу процесі маңызды орын алады, себебі ол табиғи ресурстарды қайта пайдалануға мүмкіндік береді. Жасыл ойлау биоалуантүрлілікті сақтауға және табиғи экожүйелердің тұрақтылығын қолдауға ықпал етеді. Қазіргі таңда бұл ұстаным климаттың өзгеруі сияқты жаһандық мәселелерді шешудің маңыздылығы бар екендігі ерекше аталып өтілді.

Ботаника және агроэкология кафедрасы
Басқа жаңалықтар