«Жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастырудың климаттық тұрақтылыққа ықпалы» тақырыбындағы ашық кураторлық іс-шара — ҚазҰУ

91ý

«Жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастырудың климаттық тұрақтылыққа ықпалы» тақырыбындағы ашық кураторлық іс-шара

13 сәуір 2026
«Жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастырудың климаттық тұрақтылыққа ықпалы» тақырыбындағы ашық кураторлық іс-шара

13 сәуір күні тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасы, «Туризм» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған «Жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастырудың климаттық тұрақтылыққа ықпалы» тақырыбында ашық кураторлық іс-шара өткізілді. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 12-ші (Жауапты тұтыну және өндіріс) және 13-ші (Климаттың өзгеруіне қарсы күрес) бағыттарына сәйкес ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара «Туризм» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары ‒ Серікбол Аружан, Беркинбаева Сымбат, Шедеухан Кербез және Дүйсенғалиева Сандуғаштың оқытушылық тағылымдамасы шеңберінде жүзеге асырылды.

Іс-шара барысында студенттерге жауапты тұтыну мәдениетінің теориялық негіздері, оның климаттық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызы, сондай-ақ тұрақты даму қағидаларын күнделікті өмірде қолдану мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, Fabriqa текстиль қабылдау жәшігі мысалында қалдықтарды қайта өңдеу және айналымдық экономика элементтерін енгізу тәжірибесі көрсетілді.

Іс-шара аясында Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану орталығына экскурсия ұйымдастырылып, қатысушылар орталықтың қызмет бағыттарымен, жүзеге асырылып жатқан жобаларымен және экологиялық бастамаларымен танысты. Бұл өз кезегінде студенттердің теориялық білімдерін тәжірибелік тұрғыда бекітуге мүмкіндік берді.

Аталған іс-шара студенттердің экологиялық санасын қалыптастыруға, тұрақты даму қағидаларын түсінуіне және кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға бағытталды.

Аталған іс-шара кафедра меңгерушісі, PhD Байбуриев Р.М., және кафедра оқытушылары — г.ғ.к., доцент Алиева Ж.Н., г.ғ.к., доцент Абдреева Ш.Т., сондай-ақ педагогикалық практиканың жетекшісі — педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының пед.ғ.к., аға оқытушысы Баярыстанова Э.Т. қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттер үшін мазмұнды әрі танымдық мәні жоғары тәжірибелік іс-шара болды. Сонымен қатар, бұл іс-шара студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастырып, тұрақты даму қағидаларына деген көзқарасын нығайтуға және олардың кәсіби дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.