География және табиғатты пайдалану факультеті «Study in Kazakhstan» көрмесіне қатысты — ҚазҰУ

91ý

География және табиғатты пайдалану факультеті «Study in Kazakhstan» көрмесіне қатысты

13 сәуір 2026
География және табиғатты пайдалану факультеті «Study in Kazakhstan» көрмесіне қатысты

2026 жылғы 13 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттер филиалдарының білім беру көрмесі өтті. Іс-шара 10–11 сынып оқушыларының кәсіби бағдарын қалыптастыруға және жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттылығын арттыруға бағытталды.  


Көрме барысында оқушылар мен олардың ата-аналары білім беру бағдарламаларымен, оқуға түсу шарттарымен, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерімен және болашақ жұмысқа орналасу перспективаларымен танысты. Қатысушылар университет өкілдерінен кеңес алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, заманауи еңбек нарығының талаптарын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.  


Іс-шараға География және табиғатты пайдалану факультеті белсенді қатысып, география, экология, туризм, геоинформатика, кадастр, жерге орналастыру, геодезия және картография, метеорология және гидрология бағыттары бойынша кең ауқымды білім беру бағдарламаларын таныстырды. Факультет оқытушылары мен қызметкерлері ғылыми зерттеулер, халықаралық жобалар және студенттердің практикалық даярлығының мүмкіндіктері туралы баяндады.  


Көрме аясында тұрақты даму және Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ұсынылған білім беру бағыттары ТДМ 4 (сапалы білім), ТДМ 8 (лайықты еңбек және экономикалық өсу) және ТДМ 13 (климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл) мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етіп, болашақ мамандардың заманауи құзыреттерін қалыптастырады және қоршаған ортаға жауапты көзқарасын дамытады.  

 

Факультет студенттері де іс-шараны ұйымдастыруға еріктілер ретінде белсенді қатысты. Олар көрме қонақтарын қарсы алып, ұйымдастырушылық көмек көрсетіп, оқушылар мен олардың ата-аналарына кеңес берді, сондай-ақ университеттің инфрақұрылымы, оқу ортасы және студенттік өмірімен таныстыру мақсатында кампус-турлар өткізді.  
   

Осындай іс-шараларды өткізу мамандықты саналы таңдауға, адами капиталды дамытуға және білім беру жүйесі мен қоғам қажеттіліктері арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.