ҚазҰУ студенттері экологиялық бастама аясында Үлкен Алматы көліне барды — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ студенттері экологиялық бастама аясында Үлкен Алматы көліне барды

17 сәуір 2026
ҚазҰУ студенттері экологиялық бастама аясында Үлкен Алматы көліне барды

Тәрбие жұмыстары және салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының «Деректер туралы ғылым» білім беру бағдарламасының 1-курс (25-01 тобы) студенттері Үлкен Алматы көліне экскурсия жасады.

Іс-шара «Қоршаған орта және жастардың рөлі» тақырыбына арналды және студенттердің экологиялық санасын арттыруға, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға бағытталды.

Экскурсия барысында студенттер қоршаған ортаны қорғау, экологиялық жауапкершілік және жаһандық экологиялық мәселелерді шешудегі жастардың рөлі жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, қоршаған ортаны мониторингтеу және қорғауда заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану жолдарына ерекше назар аударылды.

Іс-шара сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға, студенттер арасындағы командалық рухты нығайтуға және олардың сыныптан тыс белсенділігін арттыруға ықпал етті.

Топ кураторы — кафедраның аға оқытушысы Дүйсембаева Лаура Серікқызы, ол мұндай іс-шаралардың студенттердің жан-жақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді, атап айтқанда:

  • ТДМ 3 — «Сапалы денсаулық және әл-ауқат»
  • ТДМ 4 — «Сапалы білім»
  • ТДМ 13 — «Климаттың өзгеруімен күрес»
  • ТДМ 15 — «Құрлық экожүйелерін сақтау»