2026 жылғы 11 сәуір күні сағат 20:30-да (Астана уақытымен) «Мен өз еліммен мақтанамын» атты халықаралық онлайн іс-шара өтті. Іс-шара Google Meet платформасында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар — филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары: З.С. Несіпбаева, М.М. Мырзахмет, Е.И. Луговская, Д.М. Махметова.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті және ұлттық рухты қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттілікті нығайту. Міндеттері — ел тарихына және мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, мемлекеттік тілді дамыту, салт-дәстүрлерді насихаттау және Отанды қорғауға жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Іс-шараға барлығы 58 студент қатысты: химия және химиялық технология факультетінің 1-курс бакалавриат студенттері, сондай-ақ Түрікменстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай елдерінен келген студенттер және Италияда білім алып жатқан магистранттар.
Шара Қазақстан Республикасының дәстүрлері мен мерекелеріне арналды. Іс-шара барысында студенттер мемлекеттік рәміздер туралы таныстырылымдар жасап, өз өңірлерінде Наурыз мерекесінің атап өтілуі туралы баяндады. Ұлттық дәстүрлер, әшекей бұйымдар, киімдер мен ұлттық тағамдар туралы баяндамалар ерекше қызығушылық тудырды.
Шығармашылық бөлімде студенттер Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен», Мұқағали Мақатаевтың «Отан» әндерін орындап, Наурыз туралы өлеңдер оқыды. Сонымен қатар би тобының бейнежазбалары ұсынылды.
Аталған іс-шара мәдени алмасу мен халықаралық студенттік ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосты.
Басқа жаңалықтар