«ФАРАБИ ӘЛЕМІ – 2026»: Механика-математика факультетінде жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттырған халықаралық конференцияFarabi University

91ý

«ФАРАБИ ӘЛЕМІ – 2026»: Механика-математика факультетінде жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттырған халықаралық конференция

13 сәуір 2026
«ФАРАБИ ӘЛЕМІ – 2026»: Механика-математика факультетінде жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттырған халықаралық конференция

2026 жылдың 7–9 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Механика-математика факультетінде дәстүрлі «Фараби форумы» аясында студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Аталған конференция ғылым, білім және инновацияны дамытуға бағытталған маңызды алаң ретінде жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және жаңа ғылыми идеяларды қалыптастыруға кең мүмкіндік берді. Іс-шара аясында заманауи ғылымның өзекті бағыттары талқыланып, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру, халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейту және білім мен ғылымның интеграциясын нығайту мәселелері қарастырылды.

Конференция барысында қатысушылар механика, математика, есептеу ғылымдары және статистика, математикалық және компьютерлік модельдеу бағыттары бойынша өзекті ғылыми баяндамаларын ұсынып, теориялық және тәжірибелік мәселелер төңірегінде жан-жақты пікір алмасты. Бұл бағыттар қазіргі таңда цифрлық трансформация, жасанды интеллект, деректерді талдау және күрделі жүйелерді модельдеу сияқты салалардың дамуына тікелей ықпал ететін стратегиялық маңызды ғылыми салалар болып табылады.

Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өткен секциялық отырыстар халықаралық ғылыми кеңістікте еркін пікір алмасуға жағдай жасап, қатысушылардың ғылыми коммуникация дағдыларын дамытуға ықпал етті. Сонымен қатар, жас ғалымдар өз зерттеулерін көпшілік алдында қорғап, кәсіби тәжірибе жинақтап, ғылыми қауымдастықпен байланыс орнатуға мүмкіндік алды.

Пленарлық отырыста аталған ғылыми бағыттар бойынша өзекті мәселелер қарастырылып, барлығы 8 баяндама тыңдалды. Баяндамаларда заманауи математикалық әдістерді қолдану, есептеу модельдерін жетілдіру, механикалық жүйелерді зерттеу және деректерді өңдеудің жаңа тәсілдері қамтылды. Қатысушылар ғылыми пікір алмасып, теориялық және тәжірибелік тұрғыда маңызды талқылаулар жүргізді.

Отырыс қорытындысы бойынша үздік баяндамалар анықталып, келесі қатысушылар марапаттауға ұсынылды:

Жүлделі орын иегерлері:

·      I дәрежелі диплом – Срайлұлы Мейір (механика кафедрасы, бакалавр, 3 курс, ғылыми жетекші: аға оқытушы Ахметова Б.И.)

·      II дәрежелі диплом – Мұханова Томирис Ғабитқызы (есептеу ғылымдары және статистика кафедрасы, магистрант, 1 курс, ғылыми жетекші:)

·      III дәрежелі диплом – Дускалиев Данеш Асылбекович (математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы, бакалавр, 4 курс, ғылыми жетекші: аға оқытушы Сабирова Ю.Ф.)

Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Мұндай марапаттар студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын арттырып, жас ғалымдарды қолдауға бағытталған.

Бұл жетістіктер БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен де үндеседі:

·        ТДМ 4 – Сапалы білім: студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамыту, білім беру сапасын арттыру және зерттеушілік дағдыларын жетілдіру;

·        ТДМ 17–Серіктестік және ынтымақтастық: ғылыми қауымдастықтар арасындағы байланысты нығайту, тәжірибе алмасу және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.

Пленарлық отырыс жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға, тәжірибе алмасуға және жаңа идеяларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң екенін көрсетті. Жалпы алғанда, «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» халықаралық ғылыми конференциясы жас зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың ғылыми-зерттеу қызметін дамытуда және елдің ғылыми-инновациялық дамуына үлес қосуда маңызды рөл атқаратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Дулатова Нұриля Жүнісбекқызы​

Механика-математика факультетінің деканат маманы