Кітап оқуға жаңа көзқарас: студенттердің креативті челленджі — ҚазҰУ

91ý

Кітап оқуға жаңа көзқарас: студенттердің креативті челленджі

16 сәуір 2026
Кітап оқуға жаңа көзқарас: студенттердің креативті челленджі

23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай ҚазҰУ-дың Филология факультетінің “Қазақ филологиясы” мамандығының 102-топ студенттері дәстүрлі іс-шарадан гөрі заманауи форматты таңдады. Олар кітапты насихаттаудың ерекше жолын ұсынып, креативті видео-челлендж жариялады.Челлендждің басты идеясы – кітап оқуды жастар арасында трендке айналдыру. Студенттер қысқа әрі әсерлі видео арқылы өздерінің сүйікті кітаптарын көрсетіп, оқуға деген қызығушылықты заманауи форматта жеткізді. Бұл бастама тек бір топтың жұмысымен шектелмей, өзгелерге де эстафета ретінде жолданды. Челленджге қатысушылар өз достарын белгілеп, кітап оқуға шақырады. Осылайша, қарапайым видео үлкен қозғалысқа айналып, жастар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталды.Қазіргі цифрлық заманда ақпаратты қабылдау форматы өзгергені белгілі. Сондықтан мұндай креативті тәсілдер кітапты жаңа қырынан танытып, оны жастарға жақындата түседі.“Қазақ филологиясы” мамандығы 102-топ студенттерінің бұл бастамасы – кітапты насихаттаудың тың әрі тиімді үлгісі. Кітап оқу енді тек міндет емес, трендке айналуы тиіс.