- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде ТДМ 3 (Жақсы денсаулық және әл-ауқат) іске асыру аясында «AMAN» қоғамдық қорының жобалар үйлестірушісі және оңалту орталығының өкілі Павел Савиннің қатысуымен қонақ дәрісі өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде ТДМ 3 (Жақсы денсаулық және әл-ауқат) іске асыру аясында «AMAN» қоғамдық қорының жобалар үйлестірушісі және оңалту орталығының өкілі Павел Савиннің қатысуымен қонақ дәрісі өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде ТДМ 3 (Жақсы денсаулық және әл-ауқат) іске асыру аясында «AMAN» қоғамдық қорының жобалар үйлестірушісі және оңалту орталығының өкілі Павел Савиннің қатысуымен қонақ дәрісі өтті.
Іс-шара тәуелді мінез-құлық тәуекелдерін ерте анықтау және аддикциясы бар адамдарды қолдаудың заманауи тәсілдеріне арналды. Дәріс барысында спикер әлеуметтік салада қолданылатын практикалық-бағдарланған жұмыс әдістерін таныстырып, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлердің тәуелділіктің алдын алудағы және ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастырудағы рөліне кеңінен тоқталды.
Дәрісте есірткіге тәуелді адамдармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері, оның ішінде тәуекелдерді ерте анықтау (мінез-құлықтағы өзгерістер, белсенділіктің төмендеуі) және әлеуметтік қызметкерлердің ролі қарастырылды. Маңызды аспектілердің бірі – кеңес берушінің жеке тәжірибесіне негізделген «тең-теңімен кеңес беру» (peer-to-peer) әдісі болды. Сонымен қатар, оңалту процесіне кедергі келтіретін стигматизация мәселесіне және толерантты көзқарастың қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Қонақ дәрісі студенттер мен әлеуметтік профилактика және қолдау мәселелеріне қызығушылық танытқан барлық қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылығын тудырды. Мұндай кездесулер кәсіби білімді кеңейтумен қатар, күрделі әлеуметтік мәселелерге гуманистік көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.