- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы: химия және химиялық технология бойынша №9 секция жұмысының қорытындылары
«Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы: химия және химиялық технология бойынша №9 секция жұмысының қорытындылары
2026 жылғы 7–8 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби Әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
№9 секция «Химия және химиялық технологияның перспективті бағыттары (мектеп оқушылары мен 1 курс студенттеріне арналған)» аясында барлығы 23 ғылыми баяндама тыңдалды. Секция жұмысына 7-сынып оқушыларынан бастап 1 курс студенттеріне дейінгі қатысушылар қатысып, білім беру деңгейлерінің кең ауқымын қамтыды.
Секция жұмысына университеттің химия және химиялық технология факультетінің оқытушылары химия ғылымдарының кандидаты, зерттеуші-доцент Исмаилова А.Г. және PhD Бахадур А.М. жетекшілік етті. Ұйымдастырушылық жұмыстарды хатшылар — Рашит Д.Р. және Смайыл М. атқарды.
Секция отырысының қорытындысы бойынша үздік ғылыми баяндамалар анықталды. Бірінші орын Алматы қаласындағы «PhysTech School Almaty» ЖШС-нің 9-сынып («F-1») оқушысы Камбар Амир Ерланұлына берілді. Оның зерттеу жұмысы JavaScript негізінде веб-сайт құру дағдыларын пайдалана отырып, тағамдық қоспалардың адам ағзасына әсерін зерттеуге арналған. ылыми жетекшісі — химия пәнінің мұғалімі Приходько А.А. Екінші орынды Усков Спиридон Владимирович пен Турсунов Руслан Кахраманович иеленді. Үшінші орын Нұрбай Мади Мизамбекұлына, Қолдас Аружан Балабекқызына, Зарлых Жұлдыз Мұратқызына және Даулетбек Нурсая Жигеркызына берілді.
Конференция білім алмасуға, ғылыми ойлауды дамытуға және мектеп оқушылары мен студенттерді химия және химиялық технология саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне тартуға тиімді алаң болып табылады.
Рашит Д.Р., Исмаилова А.Г.

Басқа жаңалықтар