Білім беру көрмесі «Study in Kazakhstan»: журналистика факультетіне басымдық
ТДМ-17 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биылғы талапкерлерге арналған ірі бастамалардың бірі – «Study in Kazakhstan» жоғары білім беру көрмесіне белсенді қатысты. Алматы қаласында іс-шара осы аптаның басында өтті. Жоба еліміздің 14 қаласында өтіп жатыр.
Журналистика факультеті талапкерлерге биыл ұсынылатын білім беру бағдарламаларын таныстырды. Оларда заманауи журналистика әдістеріне, халықаралық медиаға, әскери БАҚ-қа, PR-ға, баспа ісіне, дизайнға, киноға, драматургияға және медиакоммуникацияларға басымдық берілген.
Көрме қонақтарына бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде коммуникация саласындағы заманауи білім берудің ерекшеліктері таныстырылды. Факультеттің кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты өкілдері шығармашылық конкурс тапсыру ережелері мен талапкердің портфолиосын дайындау тәртібін түсіндірді.
Талапкерлерге үш тілде дайындалған буклеттер таратылды. Онда барлық маңызды ақпарат, сондай-ақ қабылдау туралы мәліметтер сайттың мекенжайы бар. Көрме қатысушылары үшін шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Олардың қатарында Фархат Сұлтабаев өткізген ҰБТ бойынша мастер-класс та бар.
Қалаушылар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің студенттік қалашығына кампус-турларға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Факультетте ТДМ 5 көрсеткіштері – инклюзивті және әділ сапалы білім беру қағидаттары белсенді түрде қолдау табуда. Журналистика факультеті дәстүрлерді сақтай отырып, инновацияларды дамытып, жастарға коммуникация саласының барлық өзекті бағыттары бойынша мансап бастауға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар