ылым - жан қалауы және өмір тынысы
2026 жылдың 31 наурызында Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер кафедрасының профессоры С.М. Тажибаева, қауымдастырылған профессорлар Б.Б. Тюсюпова, С.Ш. Кумаргалиева, М.Ж. Керимкулованың ұйымдастырылуларымен профессор Тажибаева Сагдат Медербековнаның 70-жылдық мерейтойына арналған «Өнегелі өмір» сериясы аясындағы салтанатты кездесу өткізілді.
Кездесу мерейтой иесіне құрмет көрсетуге, естеліктермен бөлісуге және оның ғылым мен білімге қосқан елеулі үлесін бірге атап өтуге арналған тамаша мүмкіндік. Іс-шараның жастарға, студенттерге және әріптестерге берер тәлім-тәрбиелік мәні өте зор болды. Сагдат Медербековнаның өмір жолы - ғылымға қызмет етудің жарқын үлгісі. Осы шара қатысушылардың, әсіресе жас ғалымдардың бойында білімге деген құштарлықты оятып, табандылыққа баулиды. «Өнегелі өмір» кездесуі арқылы шәкірттер мен әріптестер арасындағы рухани сабақтастық нығаяды.

Бұл іс-шара тұрақты даму мақсаттарының бірнеше бағытын қамтиды: ең алдымен, ТДМ 4 — сапалы білімді дамытуға үлес қосады, өйткені ғылым мен білім саласындағы көрнекті тұлғаның тәжірибесі мен жетістіктері насихатталды; сонымен қатар ТДМ 5 — гендерлік теңдікті қолдайды, әйел ғалымның кәсіби жолын үлгі ете отырып ғылымдағы әйелдердің рөлін арттырады; әрі ТМД 17 — әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді, себебі осы кездесу оқытушыларды, студенттерді және ғылыми қауымдастықты бір ортаға біріктіреді. Жастарды үлкенді сыйлауға, ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелейді. Профессордың жетістіктері мен ғылымдағы қолтаңбасы студенттер үшін кәсіби бағдар болып табылады. Мерейтой иесінің болмысы, оның айналасына деген мейірімділігі мен зиялылығы - нағыз тұлғалық тәрбие. Кездесу қатысушыларды биік адамгершілік құндылықтарды сақтауға шақырады және ұрпақтар арасындағы байланысты үзбей, академиялық дәстүрлерді сақтауға және оны келесі буынға аманаттауға үйретеді.
Басқа жаңалықтар