Өнер мен тәрбие тоғысы — ҚазҰУ

91ý

Өнер мен тәрбие тоғысы

17 сәуір 2026
Өнер мен тәрбие тоғысы

Қолданбалы қазақ тілі мамандығында білім алып жатқан 3-курс студенттері Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында жазушы, журналист Сәкен Сыбанбайдың «Үміт үйі» әңгімесінің желісі негізінде қойылған «Балам, қашан келесің?» атты қойылымын тамашалады.

Қойылым барысында көтерілген отбасындағы әке-шешенің орны, балаларымен қарым-қатынас, сағыныш, жауапкершілік сияқты мәселелер студенттерге отбасы институтының маңызын ұғынуға ықпал етті. Сондай-ақ сахна тілі арқылы тілдік-танымдық қабілеттерін дамытып, болашақ маман ретінде мәтінді интерпретациялау, астарлы мағынаны түсіну дағдыларын жетілдіре түсті.

Театр қойылымын тамашалау арқылы студенттер тек тілдік қабілеттерін ғана емес, кәсіби даярлықты өмірлік тәжірибемен байланыстыруды да меңгерді деген ойдамыз.

Іс-шараны ұйымдастырған: Бисенбаева Мөлдір, «Цифрлық қазақ тілі» мамандығының 1-курс магистранты;

ылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Иманқұлова Салтанат Меркібайқызы.