- Басты бет
- Жаңалықтар
- Сандық технологиялар дәуірінде әдебиетті зерттеуге пәнаралық көзқарас және әдебиеттанушыларды даярлау
Сандық технологиялар дәуірінде әдебиетті зерттеуге пәнаралық көзқарас және әдебиеттанушыларды даярлау
2026 жылы 16 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сандық технологиялар дәуірінде әдебиетті зерттеуге пәнаралық көзқарас және әдебиеттанушыларды даярлау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оның ұйымдастырушылары – қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі. Конференцияға жазушылар, жетекші отандық және шетелдік әдебиеттанушы-ғалымдар, ЖОО оқытушылары, орта мектеп мұғалімдері, баспа өкілдері қатысты.

Конференцияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры А.К. Галеева, филология факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Б.Ө Жолдасбекова, РОӘК ОӘБ ғылыми хатшысы, филос.ғ.д., профессор А.С. Сырғақбаева ашты. Конференция модераторлары – қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы меңгерушісінің м.а., ф.ғ.к. С.Д. Дәрібаев, ОӘБ «Әдебиеттану» секциясының төрайымы, ф.ғ.д., профессор А.Б. Темірболат.
Жазушы, журналист, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты С.М. Досжан, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Қ.Р. Нұрғали, Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма мүшесі – зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры, PhD Е. Сұлтан, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының тәуелсіздік дәуірі әдебиеті және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., доцент Г. Ж. Орда, «Отбасы хрестоматиясы» баспасының директоры Б. Құдияр, Гүлстан мемлекеттік университетінің «Қазақ филологиясы» білім беру бағытының жетекшісі, доцент Б.Т. Оразов, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. З.Н. Сейітжанов, ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің қызметкері А.Р. Лұқпанова, ҚазҰҚызПУ доценті, ф.ғ.к. А.А. Кошекова, СДУ университетінің доценті, ф.ғ.к. Б.Д. Керімбекова, Әзірбайжан Республикасы ҰҒА Фольклор институтының доценті, ф.ғ.к., К.Ф. Шахрияр, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы К. Қайролла, Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А. Мұратбаев, № 211 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Н. Бектұрғанова, «8D02304 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Б.К. Хасанова және басқалар өз баяндамаларын жасады.
Талқылау барысында жасанды интеллект пен сандық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында гуманитарлық білім беру, әсіресе әдебиеттану, рухани тұрақтылықтың, қоғамның мәдени дамуының және тұлғаның құндылық бағдарларын қалыптастырудың стратегиялық ресурсына айналатыны атап өтілді. Қазақ әдебиетінің жоғары білім берудің міндетті компоненті ретіндегі маңыздылығына, жаңа буын әдебиеттанушы мамандарды даярлау мәселелеріне, гуманитарлық дәстүр мен сандық инновациялар арасындағы тепе-теңдікті іздеуге ерекше назар аударылды. Конференция жасанды интеллект пен сандық технологиялар дәуіріндегі гуманитарлық білімнің болашағы туралы кәсіби диалог жүргізуге арналған маңызды алаңға айналды.